Абайдың психологиялық көзқарасы » Өскемен қаласы әкімдігінің "Средняя школа №8"коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Өскемен қаласы әкімдігінің

«Средняя школа №8» отдела образования по городу Усть-Каменогорску управления образования ВКО
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 41-19-83
Есеп бөлімі:
+7 (7232) 53-29-10
Нашар
көрушілер нұсқасы
14
Наурыз
2020

Абайдың психологиялық көзқарасы

Абай психологиядан арнайы еңбек жазбаса да оның көптеген өлеңдері мен қарасөздерінен осы ғылымның сан алуан мәселелеріне байланысты көңіл аударарлық түрлі ой-пікірлерді табу қиын емес. Ойшыл-ақын шығармаларында жалпы психологияның-жан мен тәннің арақатынасы, адамның психология даму жолындағы тәрбие мен білімнің атқаратын қызметі, сондай-ақ бала психологиясы мен қоғамдық психологияның жекелеген мәселелері де (адамның жеке басына және жасына байланысты ерекшеліктері, пед. әдеп, үлгі-өнеге, өзін-өзі тәрбиелеу жайлы, оқудың психологиянегіздері, ұлттық мінез-құлықты. б.) көрініс тапқан. Ол бұл мәселелерді талқылағанда адамның психология өмірінің белгілі бір қырына табиғи-ғылыми тұрғыда толық түсініктеме бере қойМамырды. Алайда Абай тұжырымдарының ауқымы мен тереңдігі оның әлем психологтарының еңбектерімен таныс болғандығын айқын дәлелдейді. Оның психологиялық көзқарасы, нақтырақ айтсақ, Аристотель, Әл-Фараби және К. Д. Ушинскийдің кез қарастарымен астарласып жатады. Олардың таным процесіне байланысты материалистік түсініктері жүйелі емес, аллаға сену мен жанның мәңгілігі туралы ұғымдармен араласып отырады. «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес», «Көк тұман - алдындағы келер заман» т. б. өлеңдерін де ойшыл-ақын адамның денесі ғана еледі, ал жаны ешқашанда елемейді деп тұжырымдайды: «Ақыл мен жан - мен өзім, тән - менікі, «Мені» мен «менікінің» мағынасы - екі. «Мен» елмекке тағдыр жоқ әуел бастан, «Менікі» өлсе өлсін, оған бекі». Абайдың психология мәселелерге көзқарасы, ең алдымен поэзия мен өнердің міндеті адам өмірін, олардың көңіл-күйі мен іс-әрекеттерін шыншылдықпен көрсете білу деген түсінігіне сай қалыптасқан. Ол поэзия саласындағы талант иелері кісінің психология қызметінің ерекшеліктерін, оның даму заңдылықтарын жете зерттеуі керектігіне зор мән берді. Өнердің кез келген түрі өзінің даму жолында адамның белсенді шығармашылық қызметінің барысында қоршаған орта шындығынан нәр алып, мазмұндық жағынан байи бермек деп есептеді. Абайдың түсінігінше, енердің бір саласы ән мен музыка қазақ халқының өмірі мен тұрмысынан ерте заманнан-ақ берік орын алып, олардың сенімді де айнымас серігіне айналған. Қуаныш пен қайғы, өмір мен өлім, жастық пен кәрілік - бәрі де әнде бейнеленеді, сонда көрініс табады. Ән сырға толы, адамды шаттық пен қуанышқа бөлеп болашаққа жетелейді, жабыққанда жұбату болады. Әнсіз өмір жоқ. Ол жүрек қылын шертіп, толғандырады, қиялыңа қанат бітіреді. Адам әсем әнді жылы сөзімімен, бар ықыласымен, жүрегімен қабылдайды. Тек шын жүректен шыққан ән ғана тыңдаушысын толғантып, қуанышқа бөлейді. Абай ән мен музыканы адамның әсемдікке деген құлшынысын қанағаттандыратын аса маңызды құрал, оның рухани дамуының негізі деп есептеді. Ол қазақтың қоғамдық ой-пікірінің қалыптасуы тарихында алғаш рет ақындық шабытты шақтың астарына терең үңіліп, оны адам рухының ерекше күйі, жүректің лүпілдей соғып, қан қызатын көзі деп сипаттады. Ақын шабыты шалқыған сәтте өмірден қол үзіп қалМамыр, керісінше, күнделікті күйкі тіршіліктен жоғары тұрып, шындық пен әділдіктің қатал да қайтпайтын жаршысы болуы керек. Нағыз ақын шабыт пен қуаттан күш алады, шабытсыз енер жоқ, өлең туМамырды. Өнердің, дәлірек айтқанда, музыка мен әннің мақсаты - адамдардың көңіл-күйіне әсер етіп, оларға рухани қорек беру, эстетик. ғажайып рахат шәрбатынан сусындатып, жағымды этик. қасиеттердің қалыптасуына жағдай жасау. Абайдың психология мәселелер жөнінде айтып, бізге жеткен пікірлері, оның қазақ тарихында тұңғыш ана тілінде психология терминдер енгізуге талап жасағанына, бұл ғылымға қазақ тілінің аса бай сөздік қорынан бірқатар түсініктер енгізгеніне (қылық, қуат, мінез, көңіл, қасірет, қуаныш, құмарлық, күлкі, ықылас, талап, зерде, үрей, жалқаулық, табалаушылық, күншілдік т. б.), қазақ фольклорының ғылымға дейінгі психология ұғымдарын өңдеп, әрлеп, нақтылап, орнықтырып қана қойМамыр, сонымен қатар көшпелілердің психология әлемі туралы өзіндік көзқарас жүйесін қалыптастырғанына көз жеткізеді. Абай түрлі ұғымдар мен түсініктердің мәнін айшықты тілмен әсерлі етіп жеткізетін өлеңдері мен философия талдау-ғақлиялары арқылы қазақ халқының қалың бұқарасы арасына психология білімнің таралуына қолайлы жағдай жасады. 
Қазіргі уақытта мен  мектеп психологы болып жұмыс жасап жатқандықтан, Абай атамыздың тұжырымдамалары, қара сөздері, психологиялық көзқарастары менің жұмысыма көптеген пайдасын тигізеді. Мысалға айтатын болсам, ата-аналар жиналысында және педагогтарға арналған коучинг кезінде, жеке консультация кезінде дара Абайдың   тұжырымдамаларын қолданамын. Сонымен қатар «Қызықты психология» журналына мақала етіп жариялаймын. Менің ойымша, әрбір адам Абай Құнанбаевтің еңбектерін, қара сөздерін жетік білуі тиіс. Оның зерттеулері біздің асыл мұрамыз. Сондықтан бізге қалдырып кеткен еңбектерін ұрпақтан - ұрпаққа жалғастыру – біздің міндетіміз!