«Өнерге әркімнің-ақ бар таласы» » Өскемен қаласы әкімдігінің "Средняя школа №8"коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Өскемен қаласы әкімдігінің

«Средняя школа №8» отдела образования по городу Усть-Каменогорску управления образования ВКО
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 41-19-83
Есеп бөлімі:
+7 (7232) 53-29-10
Нашар
көрушілер нұсқасы
07
февраль
2020

«Өнерге әркімнің-ақ бар таласы»

«Өнерге әркімнің-ақ бар таласы»

Ұлы ақынның мерейтойына орайластырылған шаралар легі жалғасуда. Әсіресе, мектеп оқушыларының хәкім шығармашылығына тереңірек үңіле бастағандығы байқалады. Бүгін Өскемен қаласының білім ордалары арасында «Абай оқулары» өтті. Өрендердің бірі ақынның өлеңдерін жатқа оқыса, бірі әндерін әуелетіп, бірі жыр сүлейіне деген құрметін арнау өлеңдерімен жеткізді. Күмбірлеген домбыраның қоңыр үні мен әсем ән Абай өлеңдерінің қазақы болмысы мен сұлулығы іспеттес. Жарысқа келген сайыскерлердің барлығында да осы сезім мен талпынысты байқауға болады. Сайыс ән айту, мәнерлеп өлең оқу, жыр мүшәйрасы кезеңдерінен тұрады. Қазылар алқасы жас өнерпаздардың шығармашылығына баға беріп,  қабілеттерін бағамдады. Хәкімше айтсақ, «өнерге таласы бар» жас дарындардың құлшынысы да зор. Жеңістің туын көтереміз деп сенеді. Шара ұлы тұлғаның мұрасын кеңінен насихаттауды көздейді. Мұны сайысқа қатысушылардан-ақ көруге болады. Мектеп оқушылары арасындағы мұндай сайыс болашақ ақындар мен әншілерді, жазушыларды тәрбиелеуге ықпал етеді.

 

Абайские чтения

Череда мероприятий, посвященных к 175-летию Абая продолжается. Сегодня  прошли «Абайские чтения», где приняли участие школьники Усть-Каменогорска. Кто-то декламировал стихи, кто-то пел, а кто-то даже посвящал стихотворение собственного сочинения великому поэту. Конкурс «Абайские чтения» традиционный. Но в этот раз, в год юбилейной даты, атмосфера ощущается как-то по особенному, - признаются участники. Конкурс состоит из трех этапов. Это исполнение песен, чтение стихов и состязание в поэзии. Творческое наследие Абая живет благодаря таким мероприятиям, - отмечают организаторы. Бсо касается участников — они в надежде на победу.Цель состязания - пропаганда творчества великого поэта. В своей программной статье «Рухани жаңғыру» Нурсултан Назарбаев отметил, что в свете модернизации общественного сознания личность и творчество Абая выступает тем самым «культурным кодом» казахского народа.